4-қыркүйек күні Астана қаласынан Жезқазған қаласына қарай жолға шыққан «Ұлы дала автокеруені» аймақтағы тарихи, киелі орындарға аялдап, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданы әкімінің қабылдауында болады деп күтілуде. Қазақстанның 100 киелі орындарының тізіміне Қарағанды облысы, Ұлытаудағы Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелері, Ақмешіт әулие биігі, Теректі әулие сынды киелі орындар енгізілген. Осы аталған киелі жерлер мен Жезқазған қаласының көрнекті әлеуметтік орындарымен танысып, «Айғақ» телеарнасы арнайы түсірілім жасауды жоспарлауда.
«Айғақ-ақпарат».