img-20170902-wa0003

«Ұлы дала автокеруені» — Жезқазған қаласында

Бүгінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында «Айғақ» телеарнасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен еліміздің бас қаласына «Ұлы дала автокеруені» сапарға аттанған болатын. Қоғамдық делегация құрамында Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Молдабай Ильясов, Қазығұрт аудандық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Мұхтар Момынов, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нышан Төлегенов, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Рымкүл Ертаева, «Нұр Отан» Партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Бостандық Жакей, Арыс қаласының Құрметті азаматы, Қоғамдық Кеңестің мүшесі,  «Ырыс алды-ынтымақ» ұйымының аудандағы төрағасы Балқыбеков Қонысбек және аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, мектеп директорлары мен белсенді жастар, телеарнаның шығармашылық тобынан құралған 30 – дан астам адам бар.

971

98

Кеше ОҚО-ндағы бірқатар тарихи орындарға табан тіреп, ата-баба рухына құраш бағыштаған делегация мүшелері 2-қыркүйек күні түнгі сағат 1.00-де Жезқазған қаласына аялады. Жалпы 880 шақырымды басып өткен автокеруен сапары әрмен қарай Қарағанды қаласында жалғасады.

99

«Айғақ-ақпарат».

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!