img-20170901-wa0100

Түркістандағы А.Яссауи кесенесі «Ұлы дала автокеруені» аялдаған келесі орын болды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесі «Ұлы дала автокеруені аялдаған келесі орын болды.  Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандарына аялдап, киелі шаһарға табан тіреген қоғамдық делегация мүшелері тарихи орынды аралап көріп, ұлыларға тағзым етті. img-20170901-wa0091

Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында  XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай зиярат ету орнына айналды.

img-20170901-wa0093

img-20170901-wa0103

Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Кесене сопылықтың негізін қалаушы, ойшыл, ақын, уағызшы Қожа Ахмет Хазірет Сұлтан Яссауидің құрметіне тұрғызылған. Аңыз бойынша Яссауи Мұхаммедтің ізбасары болған. Пайғамбар дүниеден өткен кез 63 жасқа жеткенде Яссауи жерасты мешітінің еркін сопысына айналып, қалған өмірін бата және уағыз оқумен өткізеді. Яссауи Арыстанбаб пен Юсуф Хамаданидан білім алады, сопылық негіздерін, араб, шағатай және араб тілдерін, поэзия мен Шығыс әдебиетін оқыған. Өзінің туған қаласы Яссыда сопылық «Яссауи» орденінің негізін қалайды. Өз ілімінде ол тақуашылық, төзімділік, мейірбандылық, әділдік пен адалдықты дәріптеді. Қожа Ахмет ислам және түбірімен тарихқа терең тартылған дәстүрлі түркі халқы ілімдерін үйлестірді. Яссауи мен оның шәкірттерінің арқасында сопылық арқылы ислам Орта Азия аумағына кеңінен таралды.

Яссауи дүниеден өткеннен кейін оның мазары орнында кесене тұрғызылды, бірақ уақыт өте ол әбден тозады. Яссауи өлімінен 233 жыл өткеннен кейін Орта Азияның қуатты билеуші Әмір Темірдің бұйрығымен жаңа кесене салынады.

Автрокеруеннің алдағы бағыты Қызылорда облысы.

«Айғақ-ақпарат»




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!