«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі мен Елбасының «Туған жер – құтты мекенім!» жобасы аясындағы «Ұлы дала автокеруені» Отырар ауданына келіп жетті.
Еліміздегі киелі жерлерінің бірі Арыстан баб кесенесі — Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені.
Сондықтан, Киелі мекендегі Арыстан баб кесенесіне арнайы барған автокеруен мүшелері кесене жанындағы емдік қасиеті бар құдықтан су ішіп, баба рухына құран бағыштады.
Айта кетейік, Арыстанбаб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене XI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылған. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. Арыстан баб кесенесі — Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Оны аңыздар бойынша Қ.А Яссауидің ұстазы мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Кесене мемлекеттік қорғауға алынған.
«Айғақ-ақпарат».