Нұрмахан Миятұлы Жолдасов — 1959 жылы 1 шілдеде Шымкент қаласында туған. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін, М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Қаржы және несие» факультетін қаржыгер-экономист мамандықтары бойынша бітірген. 1996 жылдан бері «Нұр Отан» Партиясының мүшесі. Еңбек жолын Шымкент қалалық сүт зауытының механигі болып бастап, 1978 жылдан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте болады. 1980 жылдан — Шымкент темірбетон бұйымдары зауытының 3-ші, 5-ші разрядты жұмысшысы, 1981 жылдан — Шымкент қаласы И.В. Мичурин атындағы №36 орта мектебінің мұғалімі, 1982 жылдан — Сайрам ауданының Орджоникидзе атындағы №36 ОМ комсомол ұйымының хатшысы, 1990 жылдан — «АвтоВазҚосымшаБөлшек» дүкенінің меңгерушісі, 1993 жылдан — Шымкент қаласы «Қарабастау» LUK директоры, 1996 жылдан — Сайрам ауданы «Қаратөбе» ӨК басқармасының төрағасы қызметінде болған. 2001 жылдан — Шымкент қаласы әкімі аппаратының көлікжәне байланыс бөлімінің бастығы, 2002 жылдың наурызынан — Шымкент қаласы Көлік, коммуникация және туризм басқармасының бастығы, 2002 жылдың мамырынан — Шымкент қаласы әкімінің Индустрия, көлік және сауда басқармасының бастығы, 2002 жылдың желтоқсанынан – ОҚО әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 2003 жылдан – ОҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары — қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылы — Бәйдібек ауданының әкімі, 2006 жылдан — ОҚО Сарыағаш ауданының әкімі, 2007 жылдан — ОҚО Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының бастығы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаментінің директоры қызметін абыройлы атқарған. 2016 жылдан бері ОҚО мәслихатының депутаты. 1995 жылдан бері ОҚО бойынша Ат спорты федерациясының президенті.
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...