Елiмiзде жүрекке жасалатын ашық оталардың ең көбi ОҚО-да жүзеге асып жатыр. Облыстық кардиология орталығында жылына орта есеппен 310 операция жасалады. Соңғы сегiз жылда 3000-нан астам ота сәттi жүзеге асқан.
Оңтүстiкте ақ желеңдiлердi кәсiби шеберлiктерiн шыңдау мақсатында медицинасы озық елдерге тәжiрибе алмасуға жiберiп тұру қашаннан дәстүрге айналған. Облыс әкiмi Ж.Түймебаевтың бастамасымен былтырғы желтоқсан айынан берi денсаулық сақтау жүйесiнде еңбек етiп жүрген жүзден астам дәрiгер Түркияға барып, тәжiрибе алмасып қайтты. Олардың жол шығындарынан басқасының бәрiн Түркия тарапы өз мойындарына алды. Бұрын-соңды мұндай тәжiрибе алмасу болған емес.
Түбi бiр туысқан елден арнайы келген бiлiктi дәрiгер, профессор Белхам Акпинар кардиохирургтарымыздың бiлiктiлiктерiн арттырып, жүрекке күрделi операциялар жасады. Әдетте, мұндай оталар бұған дейiн Алматы мен Астанадағы республикалық орталықтарда ғана жасалатын. Әлемнiң кез келген дамыған елдерiнде жасала бермейтiн күрделi оталардың барлығы мемлекет есебiнен қаржыландырылады. Арнайы квотаға енгiзiлгеннен кейiн операция тегiн жасалады. Шетелдiк бiлiктi мамандардан дағды алған дәрiгерлерiмiздiң өздерi күрделi операцияларды жасай бермек. Жалпы, елiмiзде жүрекке жасалатын ашық оталардың ең көбi ОҚО-да жүзеге асып жатқанын айта кеткенiмiз абзал. Облыстық кардиология орталығында жылына орта есеппен 310 операция жасалады. Соңғы сегiз жылда 3000-нан астам ота сәттi жүзеге асқан.
Дереккөз: Baq.kz