Жуырда ҚР Бас прокуратурасы 2,5 жылда 3500 қылмыстық iстiң жоғалғанын, осыған орай қызметкерлердiң жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатын. ОКҚ брифингi барысында ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов бұл жайтқа қатысты түсiнiктеме бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Вице-мнистрдің айтуынша, жоғалған 3500 қылмыстық істің біразы табылған. Ол алдағы уақытта құжаттардың жоғалуының алдын алу үшін электрондық қылмыстық iстi дамыту керек екенін айтты.
«Шынымен де, 3500 қылмыстық iстiң ресми тiркелмегенi түгендеу кезiнде анықталды. Бiрқатар қылмыстық iс қалпына келтiрiлсе, бiразы табылды. Жоғалғандар қатарына да бiразы тiркелдi. Себебi, оларда нақты процессуалдық үкiм шығарылмаған болып шықты. Бұл әртүрлi санаттағы қылмыстық iстер. Қазiргi таңда осыған қатысты тексеру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Сол нақты қылмыстық iстер бойынша азаматтар жауапқа тартылды, қылмыстық iс қозғалды. Осы себептен де бiз сандық технологияны дамытып, электрондық қылмыстық iстi дамыту керек деп отырмыз. Электрондық жүйе құжаттардың жоғалмауына, олардың дұрыс сақталуына ықпал етедi», — дедi Жақыпов.
Дереккөз: Baq.kz