Қазақстан Президенті халықаралық EXPO 2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— EXPO-2017 Қазақстан үшін ғана емес, күллі технология әлемі үшін ешкім күтпеген қуатты іс-шараға айналды. Біз қысқа уақыт ішінде Астанада жаңа әрі үлкен ауданды тұрғызып шықтық. Бұл – ерекше аудан. Ол қазірден-ақ барша қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар баратын сүйікті, көрнекті орынға айналды. Біз көрме өтетін үш ай бойында келушілер саны 2 млн-ға жетеді деп жоспарлағанбыз. Алайда екі ай ішінде ғана 2,5 млн адам келді. Әрбір павильонға кіру санын есептегенде, бұл көрсеткіш 20 млн-ға жеткен.
Дереккөз: 24.kz