Бүгін, Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдері, зейнеткерлер, мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Аталмыш шара Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.
«Ел бірлігі» республикалық қоғамдық бірлестігі аудандық филиалы төрағасы, зейнеткер Гайдар Дәнешұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызы, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Гуля Тайтелеева, еңбек ардагерлері Медеу Сағымбеков пен Рахима Мұсаева және де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ханзада Асан мен Лаззат Муталиева ой-пікірлерін ортаға салды.
Олар латын қаріпіне көшудің оңтайлы екенін, әр адам ынта-ықылас танытуы керектігін тілге тиек етті.