Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Тайбаедегі Универсиадада «алтын» иемденді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ол 85 кг дейінгі салмақта шығып, 365 кг (жұлқи көтеруде — 165 және серпіп көтеруде — 200) көтеріп, чемпиондық нәтиже көрсетті. Осы салмақта екінші орынды Армениядан келген Андраник Карапетян – 364 кг (170+194), үшінші орынды Оңтүстік Кореядан келген – Чжан Юн Хак алды, ол 354 кг (163+191) көтерді.
Еске салсақ, бұған дейін жүзгіш Дмитрий Баландин («қола»), дзюдошы Бекадил Шаймерденов («қола»), ауыр атлетшілер Арли Чонтей («қола»), Альберт Линдер («алтын») және Айдар Казовтар («алтын») және Карина Горичева («күміс») медаль иемденген еді.
Дүниежүзілік жазғы Универсиада Тайбаеде 19 тамызда басталды, 30 тамызда аяқталады. Жарыс спорттың 22 түрі бойынша өтуде.
Дереккөз: kaztag
Фото: Yk-news.kz