Ғалымдар пассивті демалыстың (аз қимылдап демалу, спортпен үйлесетін активті демалысқа қарсы – ауд.) және ұзақ уақыт жұмыссыз жүрудің ең әуелі миға зиян екенін дәлелдеді. Сондай-ақ ол адамның физикалық денсаулығының нашарлауына себеп болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі menslife.com-ға сілтеме жасап.
Ұлыбританияда зерттеушілер ұзақ әрі пассив демалыстың қандай зардаптары бар екенін анықтады. Ғалымдар ұзақ мерзімді демалыс адам денсаулығына кері әсер ететінін дәлелдеді. Егер адам ұзақ уақыт әрекетсіз болса, оның барлық созылмалы аурулары асқынуы мүмкін.
Мұндай қорытындыға Ливерпуль университеті мен Эрлангена университетінің дәрігерлері келді.
Ғалымдар бірлесіп зерттеу жұмысы нәтижесінде демалыс немесе ұзақ жұмыссыздық ең алдымен адамның ми жұмысының дамуына кері әсер тигізетінін анықтады. Сондай-ақ физикалық денсаулығының да нашарлауына алып келеді.
Зерттеуге екі апта бойы ақыл-ой жүктемесі мен физикалық жүктемеден босатылған 35 пен 40 жас аралығындағы еріктілер қатысты. Мамандар тәжірибе кезінде еріктілер денсаулығындағы 1-күннен 2 апта өткенге дейін аралықтағы өзгерістерді талдады. Демалыс кезінде барлық қатысушылардың салмағы артып, майдың ағзадағы массасы молайғаны байқалған. Дененің бұлшық ет массасы керісінше айтарлықтай төмендеген. Интеллектуалдық қабілеттерінің де нашарлағаны байқалған.
Осы тәжірибе арқылы ғалымдар демалыс кезіндегі босаң өмір салты денсаулыққа едәуір зиян екенін анықтады. Мамандардың айтуынша, физикалық және интеллектуалдық жүктемені ескермеуге болмайды. Яғни, демалыс белсенді және нәтижелі болуы керек. Демалыс кезінде спорттың кез келген түрімен айналысып, тарихи жерлерді аралап, сондай-ақ қызықты саяхат жасауға болады.
Дереккөз: Baq.kz