Облысымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына ерекше үлес қосқан қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Боранбек Шүкірбеков өмірден озды. 1930 жылы Арыс қаласында туылып, еңбек жолын шопан болып бастаған Боранбек Шүкірбекұлы 1961 – 1971 жылдары Шымкент ет комбинаты Арыс бөлімшесінің меңгерушісі, 1972 – 1973 жылдары Бөген аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1973 – 1985 жылдары Задария мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры, 1985 – 1995 жылдары облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы және агроөнеркәсіптік комитет төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры, ғылыми өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін абыроймен атқарды. 1986 жылы халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш-қуатын нығайтып, даңқын шығаруға ат салысқаны үшін ең жоғары құрметті атақ Социалистік Еңбек Ері атанды. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашалығына еңбек сіңірген қайраткер, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1984 – 89), ҚР Премьер-Министрі сыйлығының лауреаты (1991).
Марқұмның қазасына ортақтаса отырып, Республикалық «Айғақ» газеті мен телеаранасының атынан туған-туыс, ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз. Ел ағасымен қоштасу рәсімі 5 тамыз күні 10:30-да Шымкент қаласы, Тассай елді мекендегі өз үйінде өтетінін хабарлаймыз.