Ордабасы ауданына жаңа басшы келді. Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Бұл лауазымға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов лайық деп танылды.
Рашид Үсіпханұлы 1970 жылы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Мамандығы инженер-механик. Еңбек жолын 1986 жылы Сарыағаш ауданының Тельман совхозында жұмысшы болып бастаған ол, әртүрлі қызметтерді атқара келе, 2004 жылы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округының әкімі болып тағайындалды. 2011 жылы бүгінгі күнге дейін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.