Соңғы алты айдың ішінде қаржы пирамидалары бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қаржы пирамидаларынан келген шығынның жалпы сомасы 11 млн теңгені құрады. Алты айдың ішінде Экономикалық тергеулер қызметі 21 қылмыстық іс бойынша жұмыс істеп, қаржы пирамидаларына қатысы бар адамдарға тиесілі 2,6 млн теңгенің мүлкін тәркіледі», — Экономикалық тергеулер департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау бөлімінің бастығы Арман Есембаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, соңғы алты айдың ішінде экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектеп салуға болады.
Дереккөз: baq.kz