Бұған Үндістан, Қытай және Бутан шекаралары тоғысқан Доклам үстіртінде үнді әскерлерінің шоғырлануы себеп болып отыр.
Егер де Үндістан өз әскерін қайтарып алмаса, аспан асты елі соғысты бастамақшы. Бұл туралы Қытай Қорғаныс Министрлігінің қауіпсіздік жөніндегі халықаралық ынтымақтастық басшысы Чжоу Бо мәлімдеді. Ал Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәселенің бейбіт шешілгенін қолдайтынын айтты. Дей тұрғанмен ешбір елге Қытай территориясына қол сұғуға жол бермейтінін де тілге тиек етті.
Айта кетейік, екі алып ел арасындағы шиеленіс маусым айында басталған болатын.
Дереккөз: 24.kz