Байланыс және телерадио хабар таратудағы ақпараттандыру, электронды құжаттандыру және электронды сандық қол қою саласының техникалық қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімтеттің бұл қаулысы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі.нда жарияланған.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты болған «Мемлекеттік техникалық қызметі» шаруашылық жүргізу құқықығында ҰҚК-ге берілді. Енді ҰҚК бұл сала бойынша жетекшілік ететін өкілетті орган болып отыр.
Бұл қызметтің миссиясы — Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі және инфрақұрылымдық байланыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету, дамыту мен қалыптастыруға септесу болып келеді.
Дереккөз: tengrinews.kz