Си Цзиньпин Қытайдың басқыншылық пен экспансияға талпынбайтындығын мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа.
Ол бұл туралы Қытай халық азаттық армиясы құрылуына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиында айтты.
«Қытай халқы бейбітшілікті қалайды. Біз басқыншылық пен экспансияға жол бермейміз, алайда кез-келген басып алушыны жеңетінімізге сенімдіміз», — деді Си Цзиньпин.
Қытай халқы ешқашан, ешбір халықтың, ұйым немесе саяси партияның Қытай территориясының қандай да бір бөлігін бөліп алуына жол бермейді деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Қытай халқы елдің қарулы күштері аясындағы Қытай коммунистік партиясы басшылығының өзгермейтін ұстанымдарын бұлжытпай орындап, ұлттық армияның партия ізімен жүруін қамтамасыз етуі тиіс.
Дереккөз: inform.kz