Арыс қаласының «Құрметті азаматы», ОҚО каратэ-до спорт федерациясының құрметті мүшесі, облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Пернебек Райымбекұлы 30 шілде күні өмірден озды. Ол 1987 жылдан бүгінгі күнге дейін «Құрылыс жөндеу» компаниясының басшысы болған. Еліміз егемендік алғаннан бері 5 рет халық қалаулысы атанған Қазақстандағы ДАРА ДЕПУТАТ еді. Ел үшін еткен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Бірнеше рет облыстың Құрмет грамотасымен марапатталған. Президент сыйлығының иегері.
Бұрынғы облыстық мәслихаттың депутаты Райымбеков Пернебек Райымбекұлының жаназасы 31.07.2017 жылы сағ:12-00де «Шымкент холл» дәмханасында ас беріледі.
4 тамыз — өз шаңырағында қонақасы,
5 тамыз — «Шымкент холл» дәмханасында жеті күндік асы беріледі.
Пернебек Райымбекұлының мезгілсіз дүние салуына байланысты, туған-туыстары мен ағайындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз.