2017 жылы 6 айдың ішінде Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне кіріс 21 пайызға артты,оның ішінде салықтан түскен кіріс 14 пайызға өсті. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Яғни жалпы кіріс 5 трлн теңгені құрады. Оның 3,2 трлн теңгесі — салық түсімі.
Салықтың түсімі өткен кезеңнің жоспарын 120,2 млрд теңге асыра орындады.
2017 жылы бюджетке 6,7 трлн теңге салық жинау жоспарланып отыр. Жалпы салықтың 2,2 трлн теңге мөлшері табыс салығы, қосылған құн салығы және әлеуметтік салықтан түскен.
Осы кезеңде қосылған құн салығы қазынаны 761 млрд теңгемен толықтырды (+11 пайыз).
За шесть месяцев НДС пополнил казну на 761 млрд тенге (+11% к первому полугодию прошлого года). В том числе НДС на товары внутреннего производства составил 283,5 млрд тенге (-0,9%), на импортируемые товары — 230,2 млрд тенге (+11,3%). Поступления КПН составили 753 млрд тенге (+8%), ИПН — 377 млрд тенге (+10%), соц. налог — 277 млрд тенге (+10%).
Мемлекеттік қазынаға түскен қаржының 60 пайызы 5 аймаққа тиесілі:
- Алматы — 823,8 млрд теңге;
- Атырау облысы — 447,7 млрд теңге;
- Астана — 440,7 млрд теңге;
- Ақтөбе облысы — 164,7 млрд теңге;
- Қарағанды облысы — 162,4 млрд теңге.
Дереккөз: 7kun.kz