Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы мәслихаттың сессияларында айтқан сауалдары мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, тиісті жауаптар берілді.
Атап айтқанда:
- Депутат Ә.Досболовтың сауалы: Сарыағаш қаласына құрылыс салу жоспарланған 180 төсек орындық перзентхана құрылысына өзгеріс енгізіліп, оның орнына ІІІ деңгейдегі 240 төсек орындық перинаталды орталық құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге және құрылысына тиісті қаражат қаралса…
Жауап: Аталған нысанға жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 10 000 мың теңге бағытталуда.
- Сауал: Облыстық мәдениет басқармасы қарамағындағы мекемелердің костюмдерін жаңалауға қаржы қарастыру.
Жауап: Аталған мәселе толығымен қолдау тауып отыр.
- Сауал: Сарыағаш ауданы KXSG-29 «Алимтау-Тасқұдық-Көктал» 14 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қарастыру.
Жауап: Аталған автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын бастауға 40 000 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Сауал: Ордабасы ауданы, Темірлан, Теспе мен Ықыластемір елді мекендеріне газбен қамтамасыз ету үшін қаржы қарастыру.
Жауап: Ордабасы ауданы, Теспе елді мекенін газдандыруға 5 000 мың теңге, Ықыластемір елді мекенін газдандыруға 5 000 мың теңге бағытталуда. Ал, Темірлан елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, аталған нысанды қаржыландыру үшін тиісті құжаттар әзірленіп, ведомствадан тыс сараптама қорытындысы алынуы тиіс. Алайда бүгінгі таңда аталған нысанның ведомствадан тыс сараптама қорытындысы алынбаған.
- Сауал: Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Жаңаталап елді мекеніндегі 600 орындық мектептің құрылысына қаржы қарастыру.
Жауап: Аталған нысан құрылысы 2017-2018 жылдарға республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныс берілген. Осыған орай, қаржыландыруға облыстық бюджеттен 10 000 теңге жоспарлануда.
- Сауал: Сарыағаш ауданы, Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекеніндегі №119 Р.Әлібекұлы атындағы 300 орындық оқу корпусы, спорт залы, асхана және шеберхана құрылысына.
Жауап: Аталған жобаны 2018 жылы қаржыландыру жоспарлануда.
- Сауал: Сарыағаш ауданы, «Жеңіс» саябағындағы бос тұрған ескі ғимараттарды жөндеп, жалпы «Жеңіс» саябағын түгелдей «Ерлік» музейіне айналдыру үшін қайта құруға қаржы қарастыру.
Жауап: Аталған жобаның құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен 15 666 мың теңге жоспарлануда.
- Сауал: Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Шымкент қаласының батыс айналма жолының және Сарығаш ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-50 «Сарыағаш –Дербісек» автомобиль жолының 1,5 шақырым нысандарының жерлерін рәсімдеу мақсатында, жерге орналастыру жобаларын әзірлеу қажеттігі туындауда.
Жауап: Аталған Шымкент қаласының айналма жолының (9877 мың теңге) және Сарыағаш ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-50 «Сарығаш – Дербісек» автомобиль жолының (2788 мың теңге) 1,5 шақырым нысандарының жерлерін рәсімдеу мақсатында, жерге орналастыру жобаларын әзірлеу шығындарына жалпы 12300 мың теңге қаржы бағытталуда.
- Сауал: Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайтуды қажет етуде. Қосымша техника алу қажет.
Жауап: Материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінген қаржыдан, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемделген 14 600 мың теңге қаржыға қосымша техника сатып алуға (1 жана бортты газель – 5 643 мың теңге, 1 дана трактор МТЗ-82 – 7 120 мың теңге, 1 дара тіркелме – 1 837 мың теңге) қайта бағыттау жоспарлануда.
- Сауал: Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында, Шәмші көшесі бойынша 900 орындық Ю.Гагарин атындағы №4 негізгі орта мектептің құрылысына…
Жауап: Аталған нысан құрылысы 2017-2018 жылдарға республикалық бюджеттен 10 000 мың теңге жоспарлануда.