Кәсіпкерлердің тасы өрге домалап, ісі ілгері басты.
Соңғы 6 айдың қорытындысына сүйенсек, 135 мың шағын кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,5%-ға көп. Дені Астанада, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Әсіресе туризм саласында қызмет ететін мекемелер саны артты. Бұл өсімге EXPO көрмесінің де әсері бар. Соңғы бір жылдың ішінде шағын бизнеске берілген несиенің көлемі 12%-ға, яғни 3 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Әсіресе ауылда бизнес ашқысы келгендерге жеңілдетілген несиелер берілген.
Дереккөз: 24.kz