Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері мен Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 млн теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды,-деп хабарлайды Baq.kz Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросы Шымкент қаласында өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұстады. Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауапкершілікке тартпау үшін пара алған.
Аталған факт ҚР ҚК 366 бабы 3-тармағында көзделген қылмыс құрамына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) Біріңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.
Ұсталған прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: Baq.kz