Олар бірінші болып «Нұр әлем» ұлттық павильонын аралап шықты. Балалар екі күн бойы көрме алаңымен қатар елорданың көрікті жерлеріне де баратын болады. Оқушыларға 42 жетекшімен қатар 10 дəрігер маман бекітілген. Барлығы ЕХРО қалашығындағы жатақханаға жайғасыпты. Олардың бұл сапарын түгелімен демеушілер көтерген. Көрмедегі тың жаңалықтармен танысқан оқушылар ерекше әсер алғандарын айтады.
Асқарбек Сәуленбаев, ОҚО мектеп оқушысы:
— Бұл ЕХРО көрмесі – елімізді жаңа технологияға, жаңа деңгейге көтеретін көрмелердің бірі. Мұнда көптеген қызықты мәліметтер алуға болады екен. Елімізге септігін тигізеді деп ойлаймын. Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді.
Ердос Нышанов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
— Саяхаттың алғашқы күнінде көрменің басты нысаны «Нұр әлем» мен шетелдіктер ұсынған павильонмен танысатын болады. Әлеуметтік аз қамтылған және оқуда озат оқушыларды іріктеп алып келдік.
Дереккөз: 24.kz