Әлеуметтiк желiде пiкiр жазған мемлекеттiк қызметкерлер жазаланбайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты. Атап өтсек, кейiнгi кезде желiде пiкiрiн бiлдiрген қызметкерлер жазаланады деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Заң шеңберiнде ондай жауапкершiлiк қарастырылмаған. Ол жалған мәлiмет. Пiкiр бiлдiргенi үшiн ешкiм ешкiмдi жазаламайды. Бұл ақпаратты бiз тексеремiз. Мемлекеттiк қызметкер Әдеп кодексiнде көрсетiлген стандарттарды ұстанса жеткiлiктi», — деп жауап бердi тiлшiнiң сұрағына Шайымова Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде.