Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың өкілеттігін ұзартты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды», — делінген сәрсенбі күні Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Еске салсақ, Ә. Жақсыбеков бұл қызметке 2016 жылы маусымда тағайындалған. Одан бұрын ол 2014 жылдың қазанынан Астана әкімі қызметін атқарған. Одан басқа, ол 2014 жылы Қазақстан мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған, ал 2009 жылдың маусымы мен 2014 жылдың сәуірі аралығында ҚР қорғаныс министрлігін басқарды.
Дереккөз: ҚазТАГ