Қазақстанда міндетті егілуді талап етуді енгізу мәселесі талқылануда, деп мәлім етті ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
«Қазір заңға түзетулер топтамасы дайындалуда, оның ішінде міндетті талап енгізу, мысалы, вакцинациялау (егу) талабын енгізу қарастырылуда. Бірақ оны қолдайтындар да, қөарсылары да бар, біз барлығының пікірін ескеруіміз керек. Сондықтан оған қатысты шешім қабылданған жоқ», — деді Н. Ермекбаев сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, кейде адамдар діни сенім себебінен қауіпті инфекцияларға қарсы егілуден бас тарту оқиғалары бар.
«Ондайлар мұсылмандарда да, христиандарда да бар. Бұл жерде көп нәрсе түсіндіру жұмыстарына байланысты. Себебі біз адамдарды қанын ауыстыруға немесе егілуге күштеп мәжбүрлей алмаймыз, мемлекеттің оған құқығы жоқ. Бұл жерде көп нәрсе ата-аналардың және азаматтардың өздерінің саналылығы мен түсіндіру жұмыстарына байланысты», — деді министр.
ҚазТАГ