Елімізде ішкі мигранттарды тіркеу туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Жаңа құжатта уақытша тұратын мекен-жайына тіркелмеген азаматтардың жауапкершілігі заңды тұрғыда бекітілген.
Айта кету керек, 16 жасқа дейінгі балалар, ұзақ уақытқа ауруханада жатып емделуге келгендер, вахталық кесте бойынша жұмыс істейтін азаматтар жаңа ереженің талаптарынан босатылады.
Алматы қаласында жыл басынан бері 198 мыңға жуық азамат уақытша есепке тұрған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, тек 3 мың азамат ғана уақытша мекен-жайын көрсетіп, тіркелген.
«Әкімшілік кодекстің 492-бабының нормаларына сәйкес, бір айға дейін уақытша тіркеуге тұрмаған азаматтарға біз ауызша ескерту жасай аламыз. Ал бір айдан аса мерзімде тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылады. Ал егер ол бір жылдың ішінде бұл қателікті құқық бұзушылықты тағы да жасайтын болса, онда 13 айлық есептік көрсеткіш есебінде айып тағылады бұл азаматтарға», — дейді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ақпарат көзі: baq.kz