00073-mts-still001

Жаңа жоба жетістікке жетелейді

«Айғақ»  телеарнасының «Ұлы бабалар ізімен» атты шет елге арналған кезекті бір жобасы сәтті жүзеге асты.

00202-mts-still001Яғни, Қазақстаннан  Грузияға өткен апта басында арнамыздың басшысы ,  Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш бастаған делегация басты мақсаты орындалып, осы сенбіде елге оралды. Иә, Кеңес кезінде алғаш тәуелсіздігін алып кеткен бұл мемлекет пен қазақ халқын терең тарих байланыстырады. Олай деуімізге себеп, ХХ ғасырдың 40-жылдары депортацияға ұшыраған көптеген ұлт өкілдері қазақ жеріне көшіріп әкелінді. аш-жалаңаш күйге түскен отбасы мүшелерін халқымыз аштықтан аман алып қалды. Тарих  дүрбелеңіндегі оқиғаларды бүгінгі ұрпақ ұмытқан емес. Қай жерде жүрсе де, қазақтардың қонақжайлылығы мен ерекше мейірімін, асқан ықыласын тебіреніспен еске алады. Иә, Грузияда да біздің түсірілім топ осындай сағынышты лептің куәсі болды.

00050-mts-still001

Қазақстандық делегацияның құрамында «Парасат»  және «Құрмет» орденінің  иегері,  қазақ тілінің жанашыры Асылы Осман,  елбасының  курстасы  Марат Қыстаубаев,  Облыстық Қазақ – Түрік мәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов  сынды белгілі тұлғалар бар.  Бағдарлама бойынша сапардың алғашқы күнінде Грузия елінің ұлы ақыны, қазақтың ондағы Абайына тең келетін  Шота Руставели атындағы институтта болып,   осында  бір кездері табан тіреген  қазақ ақыны Жамбыл Жабаев туралы тың деректер жинақталды.

00073-mts-still001

00075-mts-still001

Сонымен қатар, Грузиядағы қазақ қызы,  өзге елде жүріп  белгілі суретші атанған Гульнара Утевой –Натрадземен жүздесіп, ол туралы да  бұл сапарда арнайы түсірілім жүрді.

00174-mts-still001

Осыдан тура 72 жыл бұрын өз елінен айдалып кеткен, қазақ тілінің жанашыры   Аслы Османда бұл жоба аясында туған жерімен қауышты.  Қорта айтқанда әріптестеріміз  бұл елден мәні мен маңызы жоғары тың деректі фильмдер әзірленді, ендеше құрметті көрермен алдағы аптада Грузия еліндегі  хабарымызды назарларыныңызға ұсынатын боламыз.

sequence-01-still001  00320-mts-still001

00321-mts-still001

Ұлдархан Уалиханқызы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!