ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай бірқатар отставкідегі және қазіргі таңдағы қызмет атқарып отырған офицерлерге «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі салтанатты түрде табысталды.
Қазақстани Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль беру Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі №467 Жарлығына сай бекітілген. Осы Жарлыққа сай мерекелік медаль Елбасының атынан тапсырылады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комиетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай бірқатар қызметкерлерге осы мерекелік медаль салтанатты түрде тапсырылды. Медаль иегерлерінің ішінде жерлесіміз Жанзақ Алибеков те бар.
Жанзақ Ақбергенұлы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік және ҚР Ұлттық қаупісіздік қызметінде 25 жыл бойы үздіксіз қызмет атқарған. Ол бөлімше, бөлім, аудан, қала бөлімдерін және облыстық басқармаларда басшылық қызмет жасаған.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратында облыс әкімінің кеңесшісі, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қазметтерін абыроймен атқарған. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі хатшысының меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет жөніндегі басқармасында және ОҚО Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінде басшылық қызмет атқарған.
Әскери және мемлекеттік қызметте жеткен жетістіктері үшін ведомствалық және мемлекеттік медальдармен наградталса, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Ж.Алибеков мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар облыстық комиссияның мүшесі ретінде қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жекеменшікке заңсыз өтіп кеткен энергетика және газ кешеніндегі мемлекеттік мүліктерді және «Сарыағаш» шипажайының ғимараттарын мемлекетке қайта қайтаруға қатысты құрылған жұмысшы топтың жұмысын ұйымдастырып, аталған мүліктердің барлығын мемлекетке қайтаруда үлесі зор.