Мақтаарал ауданының аумағында орналасқан Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы М-39 автомобиль жолы мен «Сырдария» өткізу бекетінің бүгін салтанатты ашылуы өтеді деп күтілуде.
Еске сала кетсек, 2006 жылы М-39 жолы жабылып, Ташкент пен Самарқанд және Мақтарал ауданының елдімекендер арасындағы көлік қатынасы қиындаған болатын. Бүгінгі осынау жолдың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, сауда мен туризмді дамытуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.