2017 жылдың маусым айында Қазақстанның құрылыс саласындағы бағалары 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4% өсті, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика мнистрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Статақпарға сәйкес, жыл басынан бері құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы 2,8%, машина мен құралдар бағасы 0,9%, басқа жұмыстар мен шығындар 2,7% қымбаттады.
Құрылыс мекемелері сатып алған материалдар, бөлшектер мен құрылымдар бағасы -2,4%- өскен.
Портландцеметтің бағасы 8,6%-ға, құм, бояулар мен эмальдар – 1,9%-дан, шағыл мен ағаш материалдары – 1,4%-дан, құбырлардың – 1,2%, бетондар мен ерітінділердің – 0,7%, кірпіштің – 0,5%-ға өсті.
Қыш тақтайшалар мен тақталар 6,8%, линолеум – 6,2%, пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары – 2,6%, ғаныш – 0,9%, табақты шыны – 0,6%-ға арзандады.
ҚазТАГ
Фото: Alashainasy.kz