Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, «Комби-строй 1» ЖШС-нің директоры Әбішев Нұралы Әлмаханұлы дүниеге келген. Ол 1967жылдың 7 шілдесінде туған. Биыл мерейлі 50 жасқа толып отыр.
Елу жас – ердің жасы
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.
Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.