Сергей Харченко 1947 жылдың 7 шілдесінде дүниеге келген. Ол «Костанайские новости» газетінің бас редакторы, Қостанай облысының «Құрметті азаматы», «Құрмет» Орденінің иегері, социология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Украинада туылған Сергей Харченконың еңбек жолы мен бүкіл ғұмыры Қазақстанмен байланысты. 1989 жылдан облыстық газеттің тізгінін ұстаған Сергей Васильевич қаншама қиындықты бастан өткерсе де, заманның ағымына қарсы жүзіп, журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосты.