Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші — қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығына Әсия Құралқызы Темірбаева тағайындалды.
Әсия Құралқызы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған.
1989 жылы Жамбыл қаласындағы Гидромелиорациялық құрылыс институтын, 2004 жылы Алматы қаласындағы экономика мен статистика Академиясын бітірді. Маандығы бойынша инженер-гидротехник, экономист.
Еңбек жолын «Союзгипрорис» жобалау институтында инженер болып бастаған ол, 1999 жылы ОҚО бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Депаратаментінде бас маман, одан соң ОҚО еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында жетекші, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2010жылдан бастап ОҚО жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кейіннен басшысы болып қызмет атқарған. 2017 жылғы 20 маусымынан бастап, атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, бірінші қол қою құқығымен Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына ротациялау тәртібімен тағайындалған болатын.
Фото: kazpravda.kz