Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңының 15-бабының 1-тармағы, 29-бабының 5-тармағы, 30-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» №40 бұйрығының 100-тармағына сәйкес, Ақаділ Болатұлы Сатыбалды 2017 жылдың 4 шілдесінен бастап, Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен босатыла отырып, Созақ ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды – деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Сатыбалды Ақаділ Болатұлы 17 қараша 1987 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. М.Сапарбаев атындағы Гуманитарлық институтын 2009 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Созақ аудандық білім бөлімінің жетекші маманы болып бастаған, 2010-2013 жылдар аралығында Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Созақ ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, 2013 жылдың қазан айынан қазірге дейін Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
Жанұялы.