Отырар жұрты әлем ақыны Мұхтар Шахановқа құрмет көрсетті. Биыл қазақ елінің біртуар азаматы, ұлтым деп ұрандаған ұлы тұлға 75- жаста. Осыған орай,жерлестері Отырар төрінде айтулы датаны атап өтіп, ақынға ыстық ықыластарын білдірді. Иығына шапан жапты, ақ бураның үстіне мінгізіп ұлықтай білді. Шалқыған Шәуілдір халқы әндерін шарықтатып, ақындары арнауларын жолдады.
Жомарт Бегімбет