Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Заңда құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде құқықтық қорғалуын күшейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, кәсіпкерлік саласында құқық бұзушылық үшін салынатын санкцияны төмендету және қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыстардың құрамын криминалдық сипаттан арылту, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру қарастырылған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: naryk.kz