29 тамызда Қазақстанда төмен байытылған уран банкін ашады, деп мәлім етті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Биылғы 29 тамызда, ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күнінде, біз Астанада ғалымдардың ядролық қарусыздану жөніндегі Пагуош қозғалысының 60 жылдығына арналған мерейлі сессиясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы күні тарихта тұңғыш реті Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран Банкін ашу рәсімі болады. Сол күні Қазақстан бекіткен ядролық қарусыздану үшін сыйлығын алғаш рет беру болады», — деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуінде.
Ол «халықаралық сахнадағы тұрақсыздық пен шиеленіс Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруды адамзаттың ХХІ ғасырдағы ең басты мақсаты ету туралы үндеуінің өзектілігін растап отырғанын» қоса айтты.
«Біздің еліміз алда да оған қолдан келгенше өз үлесін қоса береді», — деп қадап айтты ҚР президенті.
Еске салсақ, 2015 жылы тамызда Астанада Қазақстан үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды.
ҚазТАГ
Фото: Keden.kz