3 шілдеден бастап Қазақстандағы 46 халыққа қызмет көрсету орталығынан туу туралы және өлгендігі жөніндегі куәліктерді үш сағаттың ішінде алуға болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.
«Ағымдағы жылдың 10 шілдесінен бастап азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемқызмет көрсету мерзімін қысқарту жөніндегі пилоттық жобаға еліміздегі тағы 46 ХҚКО қосылады», — деп жазады А.Оспанов дүйсенбіде өзінің Facebook парақшасында.
Ол атап өткендей, 1 шілдеден бастап «Санкт-Петербург» бизнес орталығындағы ХҚКО-ында сынамалы жоба іске қосылды. Бұл ретте атап өтілгендей, туу және өлгендігі жөніндегі куәліктерді алу үшін ХҚҚО-да АХАТ мамандары отыр.
«Бүгіннен бастап туу және өлгендігі жөніндегі куәліктерді алу үшін ХҚКО-дағы біздің мамандарымыздың көмегіне жүгінулеріңізге болады. Бұл жоба куәліктерді алу уақытын екі күннен үш сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Оның өзінде үш сағаттың өзі ең жоғарғы көрсеткіш. Шын мәнісінде құжаттар бірден өңделіп, дайындалады және дайын болысымен иесіне беріледі(…)», — деп түсіндірді А.Оспанов.
Оның айтуынша, егер бәрі сәтті аяқталып жатса, құжаттарды қабылдау еліміздің барлық ХҚКО-ында жүзеге асырылатын болады.
ҚазТАГ
Фото: Saigez.kz