Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті – деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында «Kazakh Invest» қызметінің 2017-2018 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары қаралды, сонымен қатар ұйымдастырушылық сипатқа ие бірқатар мәселелер талқыланды.
Анықтама:
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің негізінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №100 қаулысына сәйкес) құрылды. «Kazakh Invest»-тің негізі міндеті — Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау.