ҚР Парламенті палатасының депутаттары VI шақырылымының екінші сессиясының жабылуына арналған қорытынды біріккен отырыс өткізді.
Отырыс барысында атап өткендей, VI шақырылымның екінші сессиясында парламент палатасының 6 біріккен отырысы, мәжілістің 38 пленарлық отырысы және сенаттың 25 пленарлық отырысы өтті.
Осы кезең ішінде парламент қарауына 11 заң жобасы енгізілді. Оның 84-і қабылданып, оның ішінде 15 заң жобасына депутаттар бастамашы болған, парламент қабылдаған 66 заңға бүгін ҚР президенті қол қойып, заңды күшіне енді.
Парламент елдің ішкі саясатын, халықаралық байланыстардың дамуын, елдер арасындағы қарым-қатынасты реттеуге және басқа да салалар бойынша көптеген халықаралық келісімдерді мақұлдады, ал үкімет сағаттарында, дөңгелек үстелдерде, парламентте өткен көшпелі отырыстарда денсаулық сақтау саласындағы, ауыл шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, білім, мәдениет және жастар мәселесі талқыланды.
Осы біріккен отырыста Қазақстан парламенті екінші сессияны аяқтады. Екі палатаның депутаттары 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін парламенттік демалыста болады.
ҚазТАГ
Фото: 7 kun.kz