28 — маусымға белгіленген ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына сайлау Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өтті. Таңғы 9 — 00 — де басталған саяси науқанда өз үміткеріне дауыс беру үшін оңтүстіктегі барша аудан, қалалардан 308 халық қалаулысы келіп қатысып, өз таңдауларын жасады. Осылайша, таңдаушылар дауысының 253 даусына, яғни 82,3 пайызына ие болған Әлімжан Құртаев басым дауыспен жеңіске жетті.
1958 жылы 10 қазан күні Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы — инженер-құрылысшы, техника ғылымдарының докторы. Еңбек жолын «Югстройконструкция» тресінің мастері, аға инженері болып бастаған. Кейін аталған комбинаттың директоры, Арыс қалалық әкімшілігінің басшысы, 1995-1999 жылдары Арыс қаласының әкімі, 1999-2000 жж. ОҚО әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесішісі, 2003-2004 жж. ОҚО көші-қон және демография жөніндегі басқармасының бастығы, «Оңтүстікқұрылыссервис» ЖШС директоры болып еңбек еткен ол Отырар және Еңбекші аудандарының әкімі қызметінде болған. Бұған дейін «Нұр Отан» Партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары болған.