ОҚО мәслихатының депутаты Қ.Абасов ОҚО мәслихатының 2014 жылғы 30-қыркүйектегі шешімімен «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы» «ОҚО Бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамына (Бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) енгізілген болатын. Депутат Абасов аталған кеңестің мүшесі ретінде өзінің міндетін Заңға сәйкес атқарып жүр. Осыған қарамастан, халық қалаулысы Абасовты үйлестіру кеңесінің құрамынан шығару туралы ОҚО мәслихатының сессиясына ұсыныс түскен. Аталған ұсыныс облыс мәслихатының тұрақты комиссия отырысында қаралып, қолдау таппады. Сөйтіп, тұрақты комиссия өздерінің әріптестері депутат Қ.Абасовты қолдап, Үйлестіру кеңесінің құрамында қалдырды.