ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдары, ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі №456 Жарлығы тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің тағайындауын реттейді.
Осы аталған Заңдарға сәйкес тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдары «А» корпусынан «Б» корпусына өткен.
Қазіргі таңда, тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері «Б» корпусының «Д-1» және «Д-2» санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары болып табылады.
Осы өзгерістерге сәйкес тексеру комиссиясының жаңа төрағасын және жаңа мүшелерін тағайындау 2017 жылдың 27 маусымда өтетін сессияда қаралады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда, «А» корпусының резервінде тұрған төмендегі адамдар, атап айтқанда: Ғалымжан Үсенбаев — Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары; Бейсенбек Жанбосынов — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары; Еркебұлан Дауылбаев- «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының орынбасары; Бейсенбаев Жамантай — ОҚО әкімі аппаратының жауапты қызметкері; Сейіт Ертай — ОҚО әкімі аппаратының жауапты қызметкері, Нұрбақыт Иманқұлов — жеке кәсіпкер; Қуандық Құлажанов — ОҚО әкімі аппаратының жауапты қызметкері, конкурссыз, егер біліктілік талапқа сай келетін болса тексеру комисиясының төрағасы мен мүшелігіне тағайындалуларына құқықтары бар.
Сонымен қатар тексеру комиссиясының төрағасы: Сырым Шалабай Исмаилбекұлы және мүшелері Болат Жақыпов Сәулеұлы, Әбдісамат Оразов Файзуллаұлы, Әбдірахман Тасыбаев Батырбекұлы өз орындарына қайтадан тағайындалуларына толық мүмкіндіктері де бар.
Айғақ ақпарат
Фото: Batona.net