«Даму» Қоры моно-шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін 10 млрд теңге бөлді.
8 млрд теңге «АТФ Банкке», 2 млрд теңге «Нұрбанкке» салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.
Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.
«Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.
Қаржыландыру талаптары:
- Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі:
- – «АТФ Банк» АҚ – жылына 14%;
- – «Нұрбанк» – жылына 17,5%;
- Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі;
- Мерзімі – 84 айға дейін.
Салалар:
- ⋅ Агроөнекәсіптік кешен;
- ⋅ Тау-кен өндіру саласы;
- ⋅ Құрылыс материалдарын шығару;
- ⋅ Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы;
- ⋅ Көлік және қоймада сақтау;
- ⋅ Туризм;
- ⋅ Ақпарат және байланыс;
- ⋅ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері;
- ⋅ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
- ⋅ Білім беру;
- ⋅ Өнер, көңіл көтеру және демалыс;
- ⋅ Басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылып, нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті.
Дереккөз: naryk.kz