Елімізде сотқа дейінгі реттеудің жаңа институты пайда болады, деп хабарлайды Baq.kz.
Апелляциялық комиссия құрамына мемлекеттік орган өкілдері және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кіреді. Осыған орай, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, салықтық және кедендік дауларды сотқа дейін жоюға жол беретін, сотқа дейінгі реттеу институты пайда болады.
Қазіргі уақытта салықтық/кедендік текерулер нәтижелері туралы хабарламаға және камералды кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды Мемлекеттік кірістер комитетімен (МКК) жүзеге асырылатынын айта кетейік.
Өткен жылдың қараша айында ҚР Салық және Кеден кодекстеріне салықтық және кедендік тексерулер нәтижелері бойынша салықтық және кедендік дауларды апелляциялық реттеу бөлігінде түзетулер енгізілді, оларға сәйкес 2017 жылғы 1 шілдесінен бастап осындай шағымдарды қарастырумен ҚР Қаржы министрлігі айналысады. Осыған байланысты Қаржымині жанында Апелляциялық комиссия құрылады.
Қаржыминде түсіндіргендей, енгізілетін өзгертулер салықтық (кедендік) тексерулерге шағымдану тәртібіне қатысты. Сәйкесінше, аталған өзгертулерге, оларға қатысты тексерулер жүргізілген және аталған тексерулер бойынша хабарламалар сотқа дейінгі тәртіпте шағым берілетін, салық төлеушілер және (немесе) сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары (яғни жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да) тап болады.
Енгізілетін өзгертулер жалпы бюджетке елеулі әсер етпейді деп болжануда, себебі осы жағдайда, салықтардың бюджетке түсу сомаларының өзгеруіне әкелетін, салықтар ставкаларының өзеруі немесе салықтық (кедендік) әкімшілендіру өзеруі туралы сөз қозғалып жатқан жоқ. Енгізілетін жаңартулар шағым қарастыру тәртібін ғана өзгертеді, яғни шағымдарды қарастыру ресімі өзгереді. Бұл ретте шағымдарды қарастыру рәсімі 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін де қолдануда (қолданды).
ҚМ-де сонымен қатар құрылатын Апелляциялық комиссия хабарламасы шағымдалған органнан тәуелсіз болады, яғни осындай комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде еркіндігі болатынын баса айтты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі мәлім еткендей, апелляциялық комиссия мүшелері қызметін іске асыру кезінде дау қатысушылары — тараптар мүдделеріне алалықсыздық және бірдей қатынас қамтамасыз етілетіні күтілуде. Олар іске әділ және даудың аяқталу нәтижелерінде ынталылықсыз, оны заң аясында қарайды.
Салықтар, кедендік және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түсуінқамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін қаржы вице-министрі Апелляциялық комиссия төрағасы болып табылады.
Дереккөз: Baq.kz