Облыста 8700 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің 6483 — аттестаттаудан өткен. Нәтижесінде өңірдегі қызметшілердің бастамашылдық, тұтынушыларды хабарландыру және стресске орнықтылық құзыреттері неғұрлым жоғары екенін көрсетті. Дегенмен ынтымақтастық, адалдық және жауапкершілік, бұл басты бағыттар көңілге қонымсыз көрсеткіште. Яғни төмен екені анықталып отыр. Сонымен «Б» корпусындағы кешенді сынақтың нәтижелері қандай? Аттестатауда ең ауыр жүк қандай мекемелерге артылды?
Жомарт Бегімбетов