Қазақстан құрылысшыларының қауымдастығы ЭКСПО аяқталғаннан кейін Астанадағы жылжымайтын мүлік бағасына қатысты болжам жасады.
Халықаралық ЭКСПО көрмесі аяқталғаннан кейін Астанада жылжымайтын мүлік нарығында бағаның құлдырауын күтудің қажеті жоқ, деп санайды Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының атқарушы директоры Марат Ыдырышев.
«ЭКСПО-ны өткізу, ең алдымен, адал емес құрылыс салушылар тиімді маркетингтік амал болды. ЭКСПО-дан кейін «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Әрине баға түзетілетін болады, бірақ ол түбегейлі өзгермейді, ешкім тиынға баспана сатпайды», — деді Ыдрышев.
Оның пікірінше, баспана сатып алуға ниетті адамдардың ЭКСПО-дан кейін үй күрт арзандайды деп үміттенуінің қажеті жоқ.
«ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін өсім болған жоқ, сондықтан тұрақтану мерзімі қажет етілмейді», — деді Ыдрышев.
Елорда өсе береді, сұраныс қаншалықты көп болса, баға соншалықты жоғары болады, деп түйді қауымдастық басшысы.
Дереккөз: sputniknews.kz