19 маусым, сағат 17:30 шамасында «Югсантехмонтаж» компаниясының кезекші бригадасының жұмысшылары кәріз жүйесін жүргізу барысында төтенше жағдай орын алды. Нақтырақ айтар болсақ, Шымкент қаласы, Тастақ көшесінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себебінен кәріз жүйесін жүргізіп жатқан жұмысшылардың үстіне жол жиегі құлап бес жұмысшы үйінді астында қалып қойған.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.
Абырой болғанда, азаматтар дене жарақаттарын алып, адам шығыны болмаған.