ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәми бүгін ОҚО сотының жаңа төрағасын таныстырды. ОҚО сотының төрағасы болып Талғат Қожанұлы Баратбеков тағайындалды.
«Талғат Қожанұлы, барлығыңызға жақсы таныс. Оның жұмыс тәжірибесі жеткілікті. Әділет және прокуратура органдарында жұмыс істеген. Судьялық қызметтің барлық сатыларынан өткен»,- деді Қ.Мәми.
Бұған дейін ОҚО сотының төрағасы лауазымын атқарған Нұрсерік Шәріпов ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қзыметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Талғат Қожанұлы Баратбеков 1973 жылы дүниеге келген.
1998 жылы Талдықорған заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1994-1995 жылдары — Төлеби халық сотының сот орындаушысы.
1995-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
1999-2000 жылдары — Алматы қаласы Әділет басқармасының бөлім бастығы.
2000-2002 жылдары — Алматы облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары.
2002-2005 жылдары — Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.
2005-2009 жылдары — Абай аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.
2009-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары.
2011-2014 жылдары — Астана қаласы прокурорының орынбасары.
2014-2016 жылдары — Алматы облыстық сотының сот алқасының төрағасы.
2016 жылдан бастапжаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарған.
Сонымен қатар, бұл күні бірқатар аудандардың да сот төрағалары таныстырылды. Яғни осыған дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған Ермек Қарақұлов – Бәйдібек аудандық сотына, Отырар аудандық сотының сотының судьясы болып қызмет атқарған Әкімбек Жанасов – осы аудандық сотқа, және Қазығұрт аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Қанатбек Қоңырбаев – мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа төраға болып тағайындалды. Жиынның екінші бөлімінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми өңір соттарының 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын тыңдады.
Ботагөз Мәдібек